Жыл сайын біздің құрам құрылтайшылармен бірге әртүрлі елдерге барып, тәжірибе алмасып, әлемдегі үздік тәжірибелерді үйреніп және кең көзқарас қалыптастыруға ұмтылады.
Өткен аптада біз Жапонияда болып, білім беру мен тұрақты даму саласындағы озық тәсілдерді тереңірек зерттедік. Shoqan School делегациясы Токио, Нагоя, Сидзуока және Осака қалаларына барып, Тұрақты даму мақсаттарын (SDG) білім беру процесі мен корпоративтік мәдениетке қалай біріктіруге болатынын зерттеді.
Сапар барысында біз Жапонияның жетекші білім беру мекемелерінің тәжірибесімен таныстық:
* Shoin Senior High School және Osaka Shoin University мекемелерінде ESG принциптері мен SDG мақсаттарын оқыту процесіне заманауи тәсілдермен енгізу әдістерін көрдік. Бұл тәсілдер оқушыларда экологиялық жауапкершілік пен тұрақты ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
* Нагоя мен Сидзуока қалаларында делегация Sanshin Metal Working Co., LTD компаниясына барып, гидропоника технологиясын тиімді қолдану үлгісін көрді. Бұл инновациялар табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың жарқын мысалы болып табылады.
* Сапар бағдарламасының ерекше бөлігі Токиодағы Japan International Forestry Promotion and Cooperation Center (JIFPRO) өкілдерімен кездесу болды. Бұл орталық БҰҰ бастамалары аясында Азия мен Африканың құрғақшылық аймақтарына бейімделген ағаштарды өсіру және отырғызу бойынша жұмыс істейді. JIFPRO-мен ынтымақтастық Қазақстандағы экологиялық жобаларға, соның ішінде көгалдандыру мен экожүйелерді қалпына келтіруге жаңа мүмкіндіктер ашады.
Алынған білім мен тәжірибе Shoqan School-дың оқу процесіне әлемдік тәжірибелерді енгізудің маңызды негізі болады. Біз экологиялық жауапты болашақты қалыптастыруға ықпал ететін жобаларды іске асыруға ниеттіміз. Бұл біздің миссиямызға – ғаламдық сын-тегеуріндерді шешуге және қоғамның тұрақты дамуына үлес қосатын ұрпақ тәрбиелеуге толық сәйкес келеді.
Shoqan School — әлемнің дамуына өз үлесін қосатын көшбасшыларды дайындаймыз!