Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп (Shoqan School) дәстүрлі көктемгі мереке –Көрісу күніне арналған ауқымды онлайн-концерт «Домбыра – дастан» ұйымдастырды.
Музыкалық шеру домбырашылардың қатысуымен өтті: мектептің*130 оқушысы және Shoqan School негізін қалаушы Әсел Тасмағамбетова өнер көрсетті. Арнайы қонақтар – халықаралық Golden Time Talent конкурсының лауреаттары, танымал домбырашылар Ернат Наурыз және Темірлан Олжабай болды.
Жас домбырашылардың онлайн-өнерін 1200-ден астам көрермен тамашалады. Мектеп оқушылары үшін жеке трансляция ұйымдастырылды.
«Домбыра – дастан» концерті ҰЛТТЫҚ ФЕСТИВАЛЬ – 2026-ның бастамасы болды. Бұл фестивальді Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп бірнеше жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіп келеді.
«Бүгін менің үшін ерекше қуаныш – оқушыларымызбен бірге домбыра тарту. Біздің мектепте қазақ мәдениетіне қызығушылықпен және құрметпен қарайтын көптеген талантты балалар өсіп келеді. Біз оларға сапалы заманауи білім беріп қана қоймай, өз тамырымен байланысын сезінуге көмектесеміз.
Болашақты құру үшін өткенді білмей және құрметтемей мүмкін емес деп сенеміз. Сондықтан мектепте қазақ мәдениетіне, дәстүрлеріне және ең алдымен қазақ тіліне үлкен мән беріледі», – деп атап өтті Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектептің негізін қалаушы Әсел Тасмағамбетова.
Фестиваль қазақ дәстүрлеріне, мәдениетіне және құндылықтарына арналған. Ол балаларға ұлттық мұраны музыка, шығармашылық және қарым-қатынас арқылы тірі түрде тануға мүмкіндік береді.
Фестиваль аясында мектеп құндылықтарына арналған интерактивті сабақтар, ұлттық қолөнер шеберлік сабақтары өтті. Жоғары сынып оқушылары үшін әлемдегі «Үздік travel-блогер» номинациясы бойынша WIBA Awards 2026 халықаралық сыйлығының иегері, тревел-блогер Дастан Мұхамедрахиммен кездесу ұйымдастырылды.
Фестивальдің қорытындысы – шығармашылық рефлексия «Құрақ көрпе» – ақпараттық мозаика болды.
Құрақ көрпе – ұрпақтар сабақтастығының, ұлттық тәрбиенің және мәдени жадының символы. Бұл қазақ мәдениетінің дәстүрлі элементі халықтың үнемшілдігін, шеберлігін және нәзік эстетикалық сезімін көрсетеді әрі ұлттық мұрада ерекше орын алады.
Фестиваль барысында балалар 4 метрден астам ұзындықтағы мерекелік әдемі Құрақ көрпе жинады.
Мектепте ұлт дәстүрлерін білу және құрметтеу өскелең ұрпақтың мәдени бірегейлігін сақтауға, тамырымен байланысын сезінуге және еліміздің болашағын сенімді құруға көмектеседі деп санайды.