07.03.2025
«Зерде» республикалық ғылыми жобада жүлделі ІІ орын!  

Иман мен Алинұр шоқандық бүлдіршіндер.
Екеуі де барша шоқандықтар секілді қазақтың ұлттық аспабы домбыраны алғаш қолдарына  осы мектепте ұстады.
Қос ішек пен тоғыз пернені тербеген әлсіз саусақтары бірте-бірте тамаша күй шертііп үйренді.
Бүлдіршіндердің домыраға деген қызығушылығын арттырудың тамаша жолын  Ортеке арқылы тапқандай болдым.
Домбыраға жарасқан Ортеке балаларға бірден -ақ ұнады.

Сол сәттен бастап, балалар Ортекенің терең тарихын зерттеуге бел буды. Жарты жылға созылған ізденісте бұл өнердің этномәдени маңызын ашуға, оның ұлттық құндылық ретіндегі рөлін айқындауға тырысты. 

Басты мақсаттарымыздың бірі– Ортеке өнерін жаңғыртып, жас ұрпақтың санасына сіңіру, болашаққа аманат ету.

Зерттеуіміздің алғашқы қадамдары жазғы мектепте басталды. Балалардан сауалнама алып, олардың Ортеке туралы түсініктерін сараладық. Одан кейін балалар өз бетінше тарихи деректерге үңіліп, мұражайларды аралап, Ортекенің әртүрлі түрлерімен танысты. Ерекше әсер еткені – қазақтың белгілі күйшісі , өнер жанашыры Абдулхамит Райымбергеновпен кездесу болды.

Зерттеу барысында  шеберлермен сұхбаттасып, ағаштан жасалған Ортекенің жасалу процесін көзбен көрдік. Алайда, ағаштан жасалған Ортекенің бағасы қымбат болғандықтан, оны  жастарға қолжетімді ету мәселесі туындады. Осыны ескере отырып, мектебіміздегі робототехника үйірмесінің ұстаздары Цуриков Вадим мен Жумахан Амиржан
бірлесе отырып, 3D-принтер көмегімен пластик Ортекені жасап шығардық. Бұл – өнер мен технологияның тоғысқан нүктесі еді.  

Бұл зерттеу жұмысының басы этномәдениетке қадам басса бір жағы экологиялық мәселелерді де назардан тыс қалдырмады. Бұл  жас ғалымдардың ұлттық өнер мен экологияны ұштастырған ерекше бастамасы  болды.  

Жоба қорғау алдымен аудандық кезеңі, одан кейін қалалық кезеңге аяқ басты. Екеуінен де жүлделі 1- орынға ие болып, Республикалық кезеңге жолдама алды.

Бұл зерттеу – біздің жүрегімізбен, өз қолымызбен жасалған дүние - дейді  Рақыш Иман. Жоба қорғау кезінде Ортекені қолданып, домбырада «Ортеке» күйін орындалды, ал әділ-қазылар алқасы өнерімізге тәнті болды. Республикадан келген көптеген оқушылар Ортекені көріп, бұл өнерге қызығушылық танытты.

Алдағы уақытта зерттеуімізді жалғастырып, ұлттық мұрамызды жаңа деңгейге көтеру үшін жаңа жобалар жасауды жоспарлап отырмыз.  

Ортеке – қазақтың өнері ғана емес, ұлт рухының белгісі.

Болашақ жас ғалымдар Рақыш Иман мен Ғалым Алинұрға бұдан да биік белестерді бағындыратындықтарына сенімдімін. Осындай  үлкен жобаны алып шыққан зерделі де ақылды шәкірттеріммен мақтанамын! 

Жоба жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі, педагог- зерттеуші  Әнәпияева Әзира Қожабекқызы

Хабарласу