06.04.2024
Shoqan Ecology 2024

Сәуірдің 6-7-сі күндері  «Shoqan Ecology 2024» бірінші халықаралық экологиялық форумында 80-нен астам жоғары сынып оқушылары ғылыми жұмыстарын ұсынды. Бұл ғылыми шараны Орталық Азия экологиялық зерттеу институтының (CAIER) қолдауымен Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектеп ұйымдастырды.

Форумға 60-тан астам жұмыс ұсынылды, олардың авторлары еліміздің әртүрлі қалаларының мектеп оқушылары. Атап айтар болсақ, Астана, Алматы, Ақтау, Жетісу облысы, Көкшетау, Қарағанды, Қызылорда, Тараз және Түркістан. Байқаудың қазылар алқасының құрамына экология, биология, мұнай химиясы, тау-кен және химия өнеркәсібі, металлургия және қалдықтарды өңдеу салаларындағы жетекші қазақстандық ғалымдар кірді.

Форумның негізгі мақсаты мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру, зерттеушілік дағдыларын дамыту, зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ынталандыру, студенттердің білім мен ғылымға қызығушылығын арттыру болды.

Жас ғалымдардың ғылыми жұмыстары «Қоршаған ортаның ластануы және оны шешу жолдары», «Бизнес және технология», «Баламалы энергия көздері» және «Қалдықтарды басқару (азайту-қайта өңдеу-қайта пайдалану)» бөлімдеріне бөлінді.

Байқау қорытындысы бойынша сарапшы қазылар алқасы 52 үздік жұмысты таңдап, олардың авторларына ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Жалпы жүлде қоры 10 миллион теңгені құрады.

Әрқайсысы 1 00 000 теңгеден алған «Shoqan Ecology 2024» форумының жеңімпаздары арасында Гран-при иелері:

  • Болатова Жанел Маратқызы және Бейісбаева Айдан Мейіржанқызы «Суды тазартуға арналған наноматериалдардың адсорбциялық қасиетін сақтау» атты жұмысы үшін, Алматы қаласы физика-математика

            бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен;

  • Қошмамбетов Аймер Асанұлы «Ақылды қоқыс жәшігі» атты жұмысы үшін, Тараз қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен;
  • Артур Григорьев «Применение технологий получения и хранения «зелёного» водорода для накопления энергии, получаемой от возобновляемых источников энергии» атты жұмысы үшін, Алматы қаласы «№134 лицей» КММ;
  • Сабыржан Арман және Мыңжасар Мардан STEM X жобасы үшін, Алматы қаласы Shoqan School;
Хабарласу