Бұл атаулы жетістік мектебіміз алдына тұрақты даму принциптерін және әлеуметтік жауапкершілікті алуын айқындайды.
Мектебіміздің негізін қалаушы Әсел Тасмағамбетова: «Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық Келісімшартына қосылуымыз адам құқығын сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға, әлеуметтік әділеттілікті қолдауға және жемқорлыққа қарсы тұру принциптеріне міндеттенетінімізді көрсетеді. Бұдан да тұрақты, әділетті, әлемді құруға өмірлік қажет құндылықтар екеніне сенеміз. Біріккен Ұлттар Ұйымының жаһандық келісімшартына қосылуымыз оқушыларымыз бен қызметкерлерімізді жаһандық бастамаларда белсенділік танытуға қосымша шабыттандырады. Біздің мақсатымыз-оқушылардың жаһандық ойлауын, көшбасшылық қасиеттерін нығайту және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру»,- деп атап айтты.
Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп жаңашыл практикаларды жүзеге асыруды жалғастырады және келісімшарттың басқа да мүшелерімен ортақ мақсатқа жету үшін бірлесе жұмыс атқарады.
Қызығушылық танытқан тұлғаларды мектеп негізін қалаушылардың, әкімшіліктің, еңбектерін қолдауға және оң өзгерістерге бірге қол жеткізуге шақырамыз.
Біз бірге әлемімізді жақсы жаққа өзгертуге бар күшімізді сала аламыз және күшімізді саламыз да!