03.07.2026
Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп 2026–2027 оқу жылына оқушыларды қабылдауды жалғастырады!

Білімге құштар, алға ұмтылатын және өз әлеуетін дамытуға ынталы оқушыларды мектебіміздің бір бөлшегі болуға шақырамыз.

Тегін қабылдау тестілеуіне өтінім беру үшін төмендегі сілтеме арқылы өтіңіз:

https://reg.shoqanschool.kz/

Қабылдау 1–11 сыныптарға қазақ және орыс тілдерінде оқыту бойынша конкурстық негізде жүргізіледі.

1-сынып
• Баламен әңгімелесу (сұхбат).

2–11-сыныптар
Келесі пәндер бойынша қабылдау тестілеуі өткізіледі:

  • Математика;
  • Қазақ тілі / орыс тілі (оқыту тіліне сәйкес);
  • Ағылшын тілі.

Сонымен қатар, барлық талапкерлер мектеп психологымен әңгімелесуден өтеді.

???? Қабылдау емтихандарының нәтижелері конкурстық іріктеу өткізілген күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде мектептің ресми сайтында жарияланады.

???? Қосымша ақпарат алу үшін:
+7 700 97 000 97

Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп – сапалы білім, заманауи технологиялар және әр оқушыға жеке көзқарас арқылы олардың қабілетін ашып, болашағына сенімді қадам жасауына мүмкіндік беретін білім ордасы.

Хабарласу