Бүгін 6 «В» сынып оқушысы Салих Әсем “Асыл арман – 2026” өнер байқауында ерекше талантымен көрерменді тәнті етіп, бас жүлде – Гран-приді жеңіп алды!
Әсемнің қарымы мен еңбекқорлығына шын жүректен тәнті болдық. Бұл жеңіс оның алдағы үлкен белестері мен толағай табыстарының бастауы болсын деп тілейміз!
Қуанышымыз еселене берсін, жеңіс құтты болсын! Алда әлі талай биік шыңдарды Шоқанмен бірге бағындырарымыз сөзсіз!