Әсем Салих — Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектептің 6В сынып оқушысы халықаралық Brainiacs Olympiad математика олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды.
Олимпиаданың финалдық (глобалдық) кезеңі 2026 жылдың 24–30 наурыз аралығында Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өтті. Әлемнің 38 елінен келген оқушылар қатысқан жоғары бәсекелестік жағдайында Әсем өзінің терең білімін, логикалық ойлау қабілетін және күрделі есептерді шешу шеберлігін көрсетіп, абсолютті үздік нәтиже көрсетті.