10-сынып оқушысы Чевиккан Ремзиявуз 2026 жылғы 19-24 наурыз аралығында өткен 9–11 (12) сынып оқушылары арасындағы физика пәндері бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде II-орын (Күміс) иеленуімен шын жүректен құттықтайды.
Бұл жеңіс — табанды еңбектің, ата-аналарының қолдауы, жоғары білім деңгейінің, мақсаткерліктің және жаңа жетістіктерге ұмтылыстың нәтижесі.
Оқушыны дайындауға және оның ғылыми әлеуетін дамытуға зор үлес қосқан ұстаз-тәлімгері Сұлтанбек Қазыбекұлына ерекше алғыс білдіреміз!
Алдағы уақытта да толағай табыстар, жаңа жеңістер, шығармашылық шабыт және биік зияткерлік белестерді бағындыруды тілейміз!
Дарынды оқушыларымызбен және кәсіби білікті ұстаздарымызбен мақтанамыз!