27.03.2026
РЕСПУБЛИКАДА АЛТЫН — БІЗДІКІ!

Мектеп әкімшілігі 9 «А» сынып оқушысы Умиршина Сандуғашты 2026 жылғы 2–6 наурыз аралығында өткен 9–11 (12) сынып оқушылары арасындағы экономика және қаржы пәндері бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде I орын (Алтын ) иеленуімен шын жүректен құттықтайды.

Бұл жеңіс — табанды еңбектің, жоғары білім деңгейінің, мақсаткерліктің және жаңа жетістіктерге ұмтылыстың нәтижесі.

Оқушыны дайындауға және оның ғылыми әлеуетін дамытуға зор үлес қосқан ұстаз-тәлімгері Бердібеков Шыңғысхан Болатбекұлына ерекше алғыс білдіреміз!

Алдағы уақытта да толағай табыстар, жаңа жеңістер, шығармашылық шабыт және биік зияткерлік белестерді бағындыруды тілейміз!

Дарынды оқушыларымызбен және кәсіби білікті ұстаздарымызбен мақтанамыз!

Хабарласу