17.10.2025
Рикардиньомен кездесу!

Мектебіміздің 5 жылдық мерейтойына орай кеше бізде ерекше қонақ болды — отандық «Қайрат» футбол клубының қорғаушысы Рикардиньо! ⚽️

 

Кездесу 5- және 6-сынып оқушылары арасындағы алдағы футбол матчына арналды.

Рикардиньо мотивациялық кездесу өткізіп, өзінің табыс жолымен бөлісті, оқушылардың сұрақтарына жауап берді және жеребе тартты.

 

Кәсіби ойыншының үлгісінен шабыт алған оқушыларымыз тамаша ойын көрсетіп, нағыз командалық рух танытты! ????

 

5К сынып оқушыларын лайықты жеңісімен құттықтаймыз! ????

5М сынып — күміс жүлдегер ????,

ал 5А сынып — қола жүлдеге ие болды ????.

 

Тамаша ұйымдастырғаны үшін сынып жетекшілеріне, сондай-ақ үнемі қолдау білдіріп жүрген әкімшілікке үлкен алғыс айтамыз!

 

 

Хабарласу