12.08.2025
«Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп» ЖШС облигациялар бойынша алғашқы купондық сыйақыны төледі

«Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп» ЖШС өзінің үш жылдық облигациялары (ISIN KZ2P00013881) бойынша алғашқы купондық сыйақыны уақытылы төлегенін хабарлайды.

Купондық сыйақының жалпы көлемі 52 500 000 теңгені құрады. Төлем сомасы 1 млрд теңге көлемінде орналастырылған облигациялар бойынша жүргізілді. Купондық мөлшерлеме — жылдық 21%, төлемдер тоқсан сайын жүзеге асырылады.

Эмиссия шарттарына сәйкес, сыйақы облигация ұстаушылардың тізілімі бекітілген күннен кейін (2025 жылғы 27 тамыз) бастап 10 жұмыс күні ішінде төленді.

 

Хабарласу