31.05.2024
Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп және British Council: Білім шыңына жаңа қадам! 

Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп British Council-мен ынтымақтастық туралы маңызды меморандум жасасқанын мақтанышпен хабарлайды. Бұл маңызды оқиға білім беру саласындағы екі тараптың да жаңа көкжиектері мен мүмкіндіктерін ашып, дамуға, инновацияға және халықаралық ынтымақтастыққа ұмтылысты көрсетеді.
Өзара тиімділік пен тараптардың тәуелсіздігін құрметтеу қағидаттарына сүйене отырып, біздің мекемелер бірлескен қызметтің негізгі бағыттарын белгіледі:
1.  Әлеуетті үміткерлерге емтихандар, оларды өткізу тәртібі және емтиханның өтетін күндері туралы ақпарат беру.
2. Мектеп оқушылары үшін мектеп базасында халықаралық IELTS емтиханын тапсыру.
3. British Council-дың тренингтері және қызметкерлерді әрі қарай емтихан өткізу барысындағы жұмыстар, тіркеу процесі және тиісті қызметтер бойынша оқыту.

4. Ағылшын тілін үйренушілерге British Council-дан дайындық материалдарын алу. Атап айтсақ, бейнежазбалар, подкасттар, онлайн курстар, тәжірибелік сынақтар және мобильді қосымшалар. 
5. Road to IELTS емтиханға дайындық онлайн курсының негізінде тегін IELTS тәжірибе сынағымен қамтамасыз ету. Емтиханның барлық бөліктеріне арналған тәжірибелік сынақтар (Listening, Reading, Writing and Speaking). 
Осы ауқымды жоспарларды жүзеге асыру үшін тараптар келіссөздер мен консультациялар нәтижелері бойынша егжей-тегжейлі жұмыс жоспарын әзірлеп, бекітеді. British Council-мен ынтымақтастығымыз барлық алға қойылған міндеттерді сәтті жүзеге асырудың берік іргетасы болып, жемісті нәтиже беретініне сенімдіміз.
Біз British Council -дағы серіктестерімізге қолдаулары мен ортақ мақсаттарымызға сенгендері үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.  
Оқушыларымыз жаңа белестерді бағындыратын, таланттарын дамытатын және ертеңгі күннің көшбасшысы болатын болашақты бірге жасаймыз.

Хабарласу