27-31 наурыз аралығында Павлодар қаласында жаратылыстану-математикалық бағыттағы химия және биология пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Бұл беделді байқауға республика бойынша білім беру ұйымдарынан 9-11(12) сыныптардың 319 оқушысы жиналды.
Жарқын жұлдыздарымыз Пак Белла мен Фазылов Бекжан Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қола медальдарымен және 3-дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Біз оларды шын жүректен құттықтаймыз!
Олимпиадаға дайындалуда үлкен үлес қосқан және қолдау білдірген жетекшілері Калыева Ақмерей Рахимқызы мен Гадаборшева Аза Рахманқызына, сонымен қатар оқушылардың ата-аналарына алғыс білдіреміз.
Олимпиаданы ұйымдастырушылар, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі және Павлодар облысы Білім басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы оқушыларымызға өте қолайлы жағдай жасағаны үшін аса зор құрметке лайық!