Shoqan School мектебінің 11 «А» сынып оқушысы Жасмин Жүсіпқызы SAT халықаралық емтиханынан 1600 балдың 1600-ін жинады!
Жасмин қазақ сыныбында грантпен оқиды, кәсіби үлкен тенниспен айналысады, домбыра тартады. Оның үлкен арманы — АҚШ-та білім алып, болашақта туған еліне қызмет ету.
Жасмин SAT емтиханына 9-сыныптан бастап дайындалған. Бұл жолда 2025 жылғы түлегіміз, Гарвард университетінің студенті Сабыржан Арманның тәжірибесі мен кеңесі де бағыт берген.
Бір кездері өзі білім алған мектептің түлегі енді кейінгі буынға жол көрсетіп келеді. Біз үшін бұл — ерекше қуаныш. Өйткені әр шәкірттің жетістігі келесі буынға шабыт береді.
Shoqan School — AP және SAT емтихандарының аккредиттелген орталығы әрі Council of International Schools (CIS) халықаралық ұйымының мүшесі. Соңғы бес жылда мектептің негізін қалаушылар гранттар мен стипендияларға 400 миллион теңгеден астам қаражат бөлді. Ал 2025 жылы түлектеріміз Гарвард университетіне, Берклидегі Калифорния университетіне және University College London университетіне грантпен оқуға түсті.
Жасмин, сені мақтан тұтамыз! Арманың асқақ, жолың ашық болсын!
Биылғы оқу жылында мектебіміздің тағы 12 оқушысы SAT емтиханынан 1500-ден жоғары балл жинады. Олармен алдағы жазбаларда таныстырамыз.