31.10.2025
Чингизхан Болатбековичті құттықтаймыз!

Шексіз қуаныш пен мақтаныш сезімімен Чингизхан Болатбековичті әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының бірі — Чикаго университетінің беделді Outstanding Educator Award марапатын иеленуімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл университетте біздің түлегіміз Динара Нариман білім алуда.

Мұндай жетістіктер шабыт беріп қана қоймай, ұстаздарымыздың еңбегі мен адалдығының арқасында шәкірттеріміздің әлемдік биіктерді бағындыра алатынын дәлелдейді.

Чингизхан Болатбековичке өз ісіне деген адалдығы, таланты және жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін шын жүректен алғысымды білдіремін.

Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жетістіктерге жетіп, жұмысыңыздан шабыт таба беріңіз!

Хабарласу