06.07.2025
Аттестаттарды тапсыру рәсімі

Құрметті Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп түлектері, ата-аналар және ұстаздар!

20 маусым – ерекше күн – сендердің, біздің сүйікті оқушыларымыздың мектеп бітіруі туралы аттестаттарын алған күні. Бұл сәт – сендердің еңбекқорлықтарыңның, табандылық пен білімге деген құштарлықтарыңның айғағы. Осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймыз!

Осы жылдар ішінде сендер жаңалықтарға, жаңа білімге және жетістіктерге толы ұзақ жолдан өттіңдер. Сендер жаңа сынақтар мен мүмкіндіктерге дайын екендеріңді дәлелдедіңдер. Сендердің жетістіктерің – бірлескен күш-жігердің, отбасыларыңның қолдауы мен ұстаздарыңның жанкешті еңбегінің нәтижесі.

Сендер өмірлеріңнің жаңа, жауапты әрі қызықты кезеңінің табалдырығында тұрсыңдар. Мектепте алған білімдерің болашақ жеңістерге берік негіз болсын. Армандаудан қорықпаңдар, мақсатқа батыл қадаммен ұмтылыңдар. Біз сендердің жарқын болашақтарыңа және биік белестерді бағындыратынына сенеміз.

Биыл мектеп бітірген 61 оқушының барлығы да жоғары оқу орындарына түсті. Бұл — зор мақтаныш!
Біздің түлектер таңдаған университеттер:
• Harvard University
• University of California, Berkeley (UC Berkeley)
• University of Chicago
• University College London (UCL)
• University of Toronto
• University of British Columbia (UBC)
• University of Bristol
• University of Manchester
• City University of Hong Kong (CityU)
• New York University Shanghai (NYU Shanghai)
• Purdue University
• New York Film Academy (NYFA)
• King’s College London
• University of California, Los Angeles (UCLA)
және басқа да беделді университеттер.

Бұл жетістікке жетуде мектебіміздің арнайы менторлық бағдарламасы үлкен қолдау көрсетті.
Оқушылар әлемнің үздік жоғары оқу орындарын тәмамдаған, түрлі елдерден келген кәсіби менторлармен жұмыс істеді.
Менторлар әр түлекпен жеке жұмыс істеп, бағыт-бағдар беріп, мамандық пен университет таңдауда дұрыс шешім қабылдауға көмектесті.
Бағдарлама оқушылардың әлеуетін ашып, армандарын нақты мақсатқа айналдыруға жол ашты.

Осы мүмкіндікті сыйлағаны үшін мектеп құрылтайшыларына ерекше алғыс білдіреміз!
Менторлық қолдау – саналы таңдау жасауға және үлкен арман жолында нақты қадам жасауға мүмкіндік берді.

Аттестаттарыңмен және жоғары оқу орындарына түсулеріңмен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн сендердің жадыларыңда бақыт пен табысқа бастар жолдың бастауы ретінде сақталсын.

Сендердің барлық бастамаларыңа шабыт, батыл қадамдарыңа сәттілік тілейміз! 

 

Хабарласу