Ш.Уәлиханов атындағы мектеп 1-11 сыныптарда қазақ және орыс тіліндегі бөлімдерде оқитын 1350 балаға есептелген. Мектебімізде жоғары білікті педагог кадрлар, қосымша білім берудің бірегей бағдарламасы және заманға сай инфрақұрылымы арқылы оқытуға барынша оңтайлы жағдай қалыптастырып, білім берудің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Ең жоғарғы деңгейде оқыту мен білім беру – мектептің педагогтар ұжымы қызметінің басты ұстанымы. Мектебіміз әр оқушының жеке дамуын қадағалауға мүмкіндік беретін білімді бағалаудың объектив әрі айқын жүйесіне жүгінеді. Оқыту тиімділігіне қазақстандық және халықаралық тәжірибедегі білім беру технологияларын біріктіру арқасында қол жеткізіледі.
Ш.Уәлиханов атындағы мектеп қоғамда табысқа жететін тұлға қалыптастыру мақсатында оның қалыптасу барысында өз өмірін саналы түрде дамытуға қажет білім мен дағдыларды меңгеруіне ықпал ететін тәрбие беру процесіне ерекше көңіл бөледі.
Тәрбие беру процесі ұлттық және жалпыға ортақ құндылықтарға сүйенетін сыртқы және ішкі мәдениет деңгейі жоғары оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған.
Content. Мектеп оқушыға ұсынылатын білімнің саны мен сапасына кепілдік береді.
Critical Thinking. Мектеп ұстаздары әзірлеген авторлық бағдарламалары оқушының ойлау типтерінің барлығын дамытуға ықпал етеді.
Creativity. Мектеп оқушылардың да, ұстаздардың да шығармашылығының қай түріне әртарапты қолдау көрсетеді.
Communication. Мектеп ұстаздары сөйлеу және аудитория алдында сөз ұстау машығын дамыту бағдарламаларын әзірлеген.
Confidence. Мектеп әр оқушы өз тұлғасы бірегей және маңызды екенін сезінуіне қолайлы ахуал қалыптастырады.
Collaboration. Мектеп сенім мен құрметке сүйенетін өзара тиімді сабақтастық пен әрекеттестікке қолдау көрсетеді.
Құрметті ата-аналар, оқушылар және сайтымыздың қонақтары!
Әр баланың әлеуеті ашылатын орта – Shoqan мектебіне қош келдіңіздер!
Бастауыш мектептің негізгі миссиясы тек білім беру ғана емес, ең маңызды базалық дағды – оқуға үйрету екеніне кәміл сенеміз. Бұған негіз болатын нәрсе – болашақта кез келген пәнді табысты меңгерудің кілті болып табылатын функционалдық оқуды дамыту.
Біздің мектептегі оқыту заманауи конструктивистік тәсілге негізделген. Біз дайын шаблондарды ұсынбаймыз, керісінше әр баланың жақын арадағы даму аймағын мұқият анықтаймыз. Бұл біздің ұстаздарымызға оқушылардың білім алудағы шынайы жеке даму траекториясын құруға мүмкіндік береді.
Shoqan мектебінің академиялық бағдарламасында аналитикалық және жаһандық ойлауды қалыптастыратын үш негізгі бағытқа ерекше назар аударылады: Математика Жаратылыстану Ағылшын тілі
Бала өзін жайлы сезінген ортада ғана жоғары академиялық нәтижелерге қол жеткізеді деп сенеміз. Оқытудағы стрессіз тәсіл арқылы біз балалардың табиғи ізденімпаздығын қолдап, олардың өз күштеріне сенуіне және интеллектуалдық қиындықтарды қорқынышсыз жеңуіне көмектесеміз.
Shoqan мектебі үнемі даму үстінде. Биылғы оқу жылында балалардың жеңіл әрі жайлы бейімделуі үшін заманауи нейролаборатория ашамыз. Бұл жоба нейропсихология және нейрофизиология саласындағы озық инновацияларды білім беру ортасына тікелей енгізе отырып, әр оқушының когнитивтік дамуын бұрынғыдан да дәлірек түсінуге және қолдауға мүмкіндік береді.
Біз балалар қуана келетін мектеп құрып жатырмыз. Сіздерді біздің үлкен білім беру отбасымызда көруге қуаныштымыз!
Құрметпен, Бауыржан Төленов Shoqan мектебінің директоры
Толығырақ
Біздің мектепке қош келдіңіздер!
Жоғары сынып – бұл әр оқушының өміріндегі маңызды және жауапты кезең, үлкен шешімдер мен жаңа мүмкіндіктер уақыты. Біздің басты міндетіміз – әрқайсыңыздың әлеуетіңізді ашуға көмектесу және қойған мақсаттарыңызға жету жолында қолдау көрсету.
Негізгі мектеп оқушылары үшін бұл кезең негізгі білімді игеріп, маңызды дағдыларды қалыптастырып, болашақ білім беру траекториясын саналы түрде таңдауға дайындалатын уақыт. Біз даму үшін кең мүмкіндіктер ұсынамыз: жобаларға, олимпиадаларға, шығармашылық және зерттеу бастамаларына қатысу. Бұл сізге өз қызығушылықтарыңызды жақсырақ түсінуге және жоғары сыныпқа түсуге саналы түрде дайындалуға көмектеседі.
Біз ерекше назарды жеке тәсілге аударамыз, әр оқушының күшті жақтары мен қызығушылықтарын ескере отырып, жеке білім беру траекторияларын жасаймыз. Біздің мұғалімдер мен кәсіби бағдар берушілер тобы сіздерді емтиханға ғана дайындап қоймай, жетекші университеттерге түсу үшін дұрыс стратегия таңдауға көмектеседі.
Біздің амбициялы мақсатымыз – сіздерді Гарвард, Оксфорд, MIT сияқты әлемнің үздік университеттеріне түсуге дайындау. Біз түлектеріміздің табысқа жетіп, кез келген жаһандық сын-қатерлерге дайын болуын қалаймыз.
Құрметті жоғары сынып оқушылары, мен сіздерге сенемін! Бұл кезең сіздердің ұлы жетістіктеріңіздің бастауы болсын. Алда – жаңа жеңістер! Сіздерге сәттілік тілеймін!
Толығырақ