Шоқан Уәлиханов
атындағы жекеменшік мектеп
Дәстүрге сүйене отырып, келешекті
қалыптастырамыз!

Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек...

Ш.Уәлиханов

виртуалды тур

Табысқа жетер жолдағы үш кезең
Бастауыш мектеп
1-4 сыныптар
Бастауыш мектеп 1-4 сыныптар
Бастауыш мектептің басты мақсаты – оқуға деген ынта мен қызығушылық қалыптастыру. Педагогтар, тәрбиешілер мен психологтар балалардың ұстазына айналады: өз басын алып жүруді, уақытын жоспарлап, жауапкершілік арқалауды, сыныптастарымен және ересектермен дұрыс қатынас қалыптастыруды үйретеді, кішкентай дара тұлғаны ересек адамға айналар жолында қолдап, бағыт беріп отырады.
Орта мектеп
5-9 сыныптар
Орта мектеп 5-9 сыныптар
Орта мектепте оқыту барысында балаларға ғылым мен қосымша оқыту жүйесінің барлық бағыты бойынша негізгі білім беріледі, жалпы және кәсіби білік пен машық ұсынылады. Бұл кезеңдегі басты міндет – жасөспірімнің технологиялық, тұлға ретіндегі, интеллектуалдық бейімін дамытатын бағдарламаларды іске асыру.
Жоғарғы мектеп
10-11 сыныптар
Жоғарғы мектеп 10-11 сыныптар
Бұл кезеңге жеткенде әр баланың ғылым салалары, спорт пен шығармашалықтан әжептәуір білімі болады. Жоғарғы мектептің басты бағыты – бейіндік пәндерді тереңдетіп зерттеу, кәсіби қызметті саналы түрде таңдау және өз бетімен оқуға толық әзірлік. Мектеп түлегі – XXI ғасырдың сын тегеуірініне төтеп бере алатын дара, толық қалыптасып болған тұлға.

Тұлға дамуының үш бағыты

Шығармашылық бағыты

Шығармашылық бағыты Баланың жаны – айналасындағы әлемнің айнадағы көрінісі. Көркем танымды дамыту үйірмелері Дүниенің ұлылығы мен сұлулығын көріп, сезінуге, оған деген қатынасын шығармашылығы арқылы білдіріп, жеткізуге мүмкіндік береді

Интеллектуалдық бағыт

Интеллектуалдық бағыт Интеллектуалдық сабақтар балалардың қисынды ойлау қабілетін, қиялын, жадын дамытады, зейін қоя білу, орнықтылық, мақсатқа ұмтылу, қиын жағдайлардан жол таба білу, оларды сараптап, қорытынды шығару машығын жетілдіреді.

Спорт бағыты

Спорт бағыты Дені саудың жаны сау. Ойға және денеге түсетін салмақты орнымен реттеп отыру мидың белсенділігін арттырады. Спорт жарыстарына қатысу ортақ шабытты арттырып, ынтымақтастық сезімін дамытады, баланың мінезін шыңдап, бәсекеге қабілетті етеді.
Біздің мектептің жаңалықтары
Галерея
Хабарласу